Жылдық анықтама2017-2018
Қоянды орта мектебінің бастауыш сыныптары бойынша 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстарының жылдық есебі
2017-2018 оқу жылында бастауыш сыныптар әдіс бірлестігі «Оқыту мен тәрбие ісінде тиімді әдіс тәсілдері қолдану арқылы оқушы бойындағы білім біліктілігін арттыру» тақырыбында жұмыстар жүргізді.
Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі жұмысының мақсаты:
- Бастауыш сынып оқушыларына өздігінен білім ала білуде және өз бетімен дамуда оқушылардың қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру».
- Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының болашағы – келешек ұрпақты білімді, білікті, саналы азамат етіп тәрбиелеу ісін жетілдіру.
2017-2018 оқу жылында бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің міндеттері:
- Білім мазмұны мен оқытудың әдіс тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру.
- Қазақстан Республикасының болашақ азаматтарын – білімді, білікті, саналы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
- Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіруде жаңа технологияны меңгерген, өзіндік бағыты ой-пікірі бар, алдына мақсат қоя алатын, оған жету жолдарын таба алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіндегі мамандар ісін жетілдіріп отыру.
- Мектептің білім деңгейін арттыруда, жеке тұлғаны дамытуда білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын және нормативтік құжаттарды, нұсқаулық-әдістемелік материалдарды тиімді пайдалану арқылы белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
- Оқушыларды ғылыми шығармашылық еңбекке үйрету, дүниетанымын және ынтымақтасып жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.
Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбие үрдісінде көптеген өзгерістер әкелуде.Бұл өзгерістер әрбір білім мекемесінің, әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік келбетін, өзіндік тәрбиелік жүйесін құру қажеттілігін, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруын талап етеді.Мектеп-білімнің қайнар көзі дейтін болсақ, білімнің негізгі ірге тасы бастауыш мектепте қаланады.
Бастауыш мектеп-бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту,тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруға қолайлы жағдай туғызатын негізгі буын. Сондықтан мектептегі тұтас білім сапалы нәтижеге жету үшін оның бастауыш буынындағы оқу тәрбие үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастыруы керек.
Қоянды орта мектептің педагогикалық ұжымы, оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері ҚР «Білім туралы» Заңын ҚР тұжырымдамасын жүзеге асыру және мектеп жарғысына сәйкес адам өмірімен денсаулығын қадірлеу және білім беруде жеке тұлғаның еркін дамуын қалыптастыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында бірқатар жұмыстар жүргізді.
Жоғарыдағы мақсат, міндеттерді қабылдай отырып, бастауыш сыныптарда екі кезеңде барлығы 1410 оқушыға 56 мұғалім (жоғары білімді – 48, арн.орта – 8 аяқт.) сабақ беріп, жылдық жоспар бойынша оқу тәрбие жұмыстарын жүргізді. Жоғарғы санатты 5 мұғалім, бірінші санатты 22 мұғалім, екінші санатты 17 мұғалім.санатсыз 13 мұғалім.
Тамыз айында ұйымдастырылған мұғалімдер секция жұмыстарына қатысып өз тәжірбелерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі Бекей Жансәуле «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы нәтижеге бағытталған» атты баяндамасын оқыды. Жаңартылған бағдарлама бойынша 30 мұғалім өз білмдерің жетілдіріп келді.Сонымен қатар өз тәжірибелерін жұмыс барысында қолдануда.
2017-2018 оқу жылындағы Қоянды орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша білім сапасының көрсеткіші төменде көрсетілген мониторинг бойынша берілді.
Бастауыш сыныптардың І тоқсан есебі 2017-2018 оқу жылы.
|
№ |
Сыныптар |
Оқушы саны |
Үздіктер саны |
Сапасы |
Үлгерімі |
|
1 сыныптар |
425 |
|
|||
|
2 сыныптар |
362 |
97 |
57% |
100% |
|
|
3 сыныптар |
350 |
76 |
60 % |
100% |
|
|
4 сыныптар |
263 |
48 |
57% |
100% |
|
|
Даярлық топ |
78 |
||||
|
1-4 сыныпта |
1400 |
1 тоқсандағы 2-сыныптардың салыстырмалы мониторинг бойынша жоғарғы сапа көрсеткен
2а, 2д, 2н сыныптары.