мектеп психологтарының 2017-2018 ж есебі
Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатында міндет-педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады.
Мақсатты: психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарылған жұмыстарына байланысты есеп беру.
Педагог-психолог ретіндегі жұмысым үстіміздегі оқу жылына жылдық жұмыс жоспары белгіленіп, циклограмма арқылы ай-апталарға жұмыстарды бөліп қарастырып бекітуден басталды.
Жаппай білім беру айлығына байланысты 1-сынып оқушыларына мұғалімдерімен бірлесе отырып педагогикалық-психологиялық карталар жүргізілді. 1-сынып мұғалімдерімен психологиялық ағарту мақсатында «1-сынып оқушысының мектепке бейімделуі» тақырыбында отырыс өткізілді. Ата-аналармен «Баланы мектепке қалай дайындау керек» тақырыбында дәріс оқылып, жадынама үлестірілді.
Жас мамандармен жаңадан келген мұғалімдерді ұжым мүшелерімен таныстыру, әрқайсын ұжымда жұмыс жасауға бейімдеу, жаңадан келген мұғалімдер арасында сенім ұялату және психологиялық ыңғайлы жағдай туғызу мақсатында мұғалімдер ұжымымен «Танысу тренингі» өткізілді.
Қыркүйек айы бойынша психологиялық адаптация кезеңіне көңіл бөлінді. 1,5 сынып және мектепке жаңадан келген оқушылар қамтылды. Мектепке психологиялық дайындығын анықтау, дезадаптацияның алдын алу мақсатында дәстүрлі түрде 1-сынып оқушыларының мектепке дайындық дәрежесі Керн-Йиарисек тесті арқылы зерттелді. Оқушылардың мектепке дайындық дәрежесін жоғары 1 «Ә,Ғ,Е,Л,М,Н», дайындық дәрежесі төмен 1 «Б,З» сыныптары.
Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау бойынша 1 «Ә,Ғ,Д,Е,Ж,К,Н,Р» оқушылардың өзін-өзі бағалау жоғары деңгейде. 1 «Б,В,Л» сыныбында өзін-өзі бағалау төмен. Оқушылардың мектепке бейімделу деңгейі жоғары 1 «Е,Л,Ғ,Д,Ж» мектепке бейімделу деңгейі төмен «Б,В,Р»