Қоянды орта мектебінің әлеуметтік педагогтарының 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша жылдық есебі
Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы жыл басында бекітілген жылдық жоспар негізінде жүргізілді.Оқушы тәрбиесін жүйелі жүргізу үшін сынып жетекшісіне оқушының отбасы құрамын, тұрмыс жағдайын, отбасындағы психологиялық ахуалды, баланың жеке психологиялық даму деңгейін т.б. білу мақсатында педагогикалық-психологиялық жұмыстаратқарылды.
Оқушылардың, сыныптың әлеуметтік құжаты жасалып, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушылар анықталды. Мектептің әлеуметтік паспорты жасалды. Аз қамтылған отбасы саны 113, ондағы кәмелетке толмағанбалалар саны 215, оның ішінде 5-еуі даярлық тобында, 1-4 сыныптарда – 134 оқушы, 5-11 сыныптарда – 81 оқушы оқиды. Көпбалалы отбасы саны 217, ондағы мектепте оқитындар саны - 452 оқушыны құрады. Толық емес отбасынан – 91 оқушы. 0-18 жас аралығындағы жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны 8 бала, оның ішінде 6 бала мектепте оқиды, 2-еуі мектепке дейінгі жаста. 0-18 жасқа дейінгі мүгедек оқушылар саны –13 бала, мектепте оқитыны – 10 оқушы, оның ішінде үйде оқытылатын оқушы саны – 8, оқытылмайтыны – 1. Мектептегі мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны 8, олар мектептегі арнайы түзете оңалту (коррекционный класс) сыныбында оқиды. Жайсыз отбасы саны – 1, ондағы кәмелетке толмаған балалар саны – 3, оның ішінде 2 оқушы мектепте оқиды.
Оқу жылының басында барлық сыныптардың төлқұжаты жасалып, жиналған мәлімет сараптамадан өткізілді. Ата-аналар жиналыстарында оларға мектеп тарапынан әлеуметтік көмек алу үшін тиісті талаптар түсіндірілді. Ата-аналар мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін қызмет туралы ақпараттандырылған.
2017-2018 оқу жылы бойынша мектепте жетім және қамқоршылықтағы оқушы саны – 6, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7 оқушы бар.
2017-2018 оқу жылы бойынша 8.
0-6 жас бойынша - 2 бала,
7-13 жас бойынша - 3 оқушы,
14-18 жас бойынша – 3 оқушы.
Олар: Сейткалиева М., Олейников Д., Берикбол А., Айтхожина Э., Айтхожина Д., Айтхожин Д., Кажибеков М., Утеулов А.
Үйде оқытуға мұқтаж мүгедек балалардың білім алуын ұйымдастыруға құқықтық негіз қалайтын құжаттарға сүйене отырып, 2017-2018 оқу жылы Қоянды орта мектебінде әлеуметтік педагогтың оқуға жарамсыз және үйде оқытылатын оқушылармен жүргізілетін жылдық жоспары негізінде қыркүйек айында үйде оқытылатын оқушылардың тұрғын жай актісі жүргізілді.
2018 оқу жылы есебімен үйде оқитын оқушылардың жалпы саны 8.
Олар: Айтуғанқызы Үміт – 10 сынып, Мейрам Нұрсолтан – 4 сынып, Кәрімберген Асхат – 4 сынып, Купахаан Капсалем-11 сынып, Құмарбек Мерей – 1 сынып, Давлетов Дастан – 1 сынып, Атдағи Медина – 1 сынып, Хасым Асқар – 3 сынып.
Құжаттар жинау барысында үйде оқытылатын оқушылардың отбасын тұрмыстық тексеру актісі жүргізілді. Оқушылардың ата-аналарымен бірге отбасы әлеуметтік жағдайы анықталды.
Үйде оқытылатын оқушылардың сабақ кестесі бойынша мұғалімдердің баруы бақыланып, ата-анасымен байланыс жасалынды.
Целиноград аудандық білім бөлімінің 2017 жылдың 26 сәуірдегі, Қоянды орта мектебінің 2017жылдың1 тамыздағы №145 бұйрығынегізінде,мектеп жасына дейінгі балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз етужәне аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасынаншыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету жұмыстарын белсендірутуралы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында мектепте1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» айлығы өткізілді. Акция аясында мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасынан шыққан 25 білім алушыларға 279 000 тг.көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Тегін тамақ, материалдық көмек алатын оқушылардың растаушы құжаттары жиналып, тізімі бекітілді.Жетім, аз қамтылған 215 балаға жаппай оқу қорынан, 21 оқушыға асхана арендаторының демеушілігімен тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Сабақтан себепсіз бас тартқан, тәртібінде ауытқушылығы бар оқушыларды отбасына барып, себебі анықталып, тексеру актілері жасалып отырды.
2017 жылдың 16 қазанында «Мүгедектер күніне» орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 10 мүгедек және 8 мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілер тарапынан сыйлықтар берілді.
Қазан айының соңында қамқоршылар күніне орай жетім оқушылар мен олардың қамқоршыларына «Аялы алақан» атты іс-шарасы өткізіліп, қамқоршылар мен қорғаншыларға сыйлықтар таратылды.
Қазан айында аудандық білім бөлімі есебінен 135 балаға аяқ киім (135), куртка (135) таратылды.
Қараша айында 8-11 сыныптарда «Бақытты балалық шақ» атты онкүндікте дәріс, сауалнамалар жүргізілді. Қорытындысы талқыланды.
1 желтоқсанда Дүниежүзілік СПИД-пен күрес айлығы өткізілді. ЖИТС-тің алдын-алу жолдары, олармен күрес түрлері видео және плакаттар арқылы көрсетілді. Мектеп медбикесімен бірге жұмыс атқарылды.
Жаңа жыл қарсаңында Целиноград ауданы әкімінің шыршасына 6 оқушы қатысып, жаңа жылдық сыйлықтар иеленді.
Желтоқсан айының соңына Облыс әкімінің шыршасына Серікжан А. қатысып, сыйлыққа ноутбук алды.
Мектепте 2017 ж. 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы жүргізіліп, жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасынан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Демеушілер, ұстаздар және жеке адамдардан, ауыл мешітінен жиналған материалдық көмек (киім-кешек, оқу құралдары) – барлығы 233000тг көлеміндегі көмек тұрмысы төмен отбасынан шыққан 21 оқушыға берілді.
Сәуір айында аз қамтылға 4-5 жанұяға (Маулит Сағыныш, Болат Ж., Болат Б.) демеушілер есебінен тамақтар берілді.
2018 жылдың мамыр айының 22 –і «Қоянды орта мектебінде» ПМПК өткізілді. 29 бала қаралып, нәтижелерін қолдарына алды.
Мамыр айында Астана қаласы «Добряков клубы» жетекшілігі көмегімен 11 сынып түлектері жетім және аз қамтылған, мүгедек 4 оқушыны қоштасу балына киетін киімімен толық қамтамасыз етілді.
Әлеуметтік педагогтар: А.Сабигат